A A

Жезқазған қаласы әкімдігінің 22/01 27.08.2009 ж. қаулысымен 2009 жылдың 1 қазанынан бастап  «Жезқазған қаласының білім бөлімі» ММ, «Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ болып қайта құрылды.

Жезқазған қаласында 21 жалпы білім  беретін мектеп бар, оның 2-і негізгі мектеп, 18 орта мектеп. 5 ауыл мектебі, оның 1-і негізгі, 4-і орта.

2 мектептен тыс мекеме (Т.Әубакиров атындағы Балалар мен жасөспірімдер сарайы, Балалар өнер мектебі), 4 мектепке дейінгі мекемелер (№ 2 «Айналайын бала бақшасы, №6 «Балауса» бала бақшасы, №7 «Айгөлек» бала бақшасы, №8 «Айсулу» бала бақшасы»), 1 қалалық ата- анасының қамқорынсыз қалған, аз қамтылған отбасы балаларына арналған интернат, 1 кешкі жалпы білім беретін мектеп бар.

Жезқазған қаласының білім мекемелерінде 1553 педагогикалық кызметкер жұмыс жасайды, оның 134 ауылдық мекендерде.

Пән мұғалімдерінің саны- 1134, ауылдық жерде 125, олардың ішінде ер кісілер 113.

42 педагог «Қазақстан  Республикасының білім беру ісінің үздігі» значогымен, 6 педагог «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен, 6 ұстаз Ыбырай Алтынсарин медалімен, 1 мектеп директоры «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 65 білім қызметкері Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Жоғары санатты педагогтар сан- 216, 360 білім қызметкері бірінші санатта.

Қала мектептеріне дене  шынықтыру, алғашқы әскери дайындық, психология, орыс тілінде дәріс беретін мектептерге бастауыш сынып, математика, физика, тарих, химия, география, биология пәндерінен мұғалімдер жетіспейді.

USD/KZT
EUR/KZT
RUB/KZT
°
%
%