"Жезқазған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Ақпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылу туралы ақпараты
Опубликовано: 20 июля 2017

«Жезқазған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  2017 жылдың 1-ші  жартыжылдығы бойынша Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі  2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылу туралы ақпараты

 

              Жезқазған қаласының білім бөлімі 2015-2020 жылғы Қазақстан Республикасының Жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыруды «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Қарағанды облысында 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес атқаруда.

              Жоспарға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында ведомстволық бағынышты білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарларына, бөлім қызметкерлеріне құқықтық білім беру сабақтары, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, өткізілуде:

     - 2017 жылдың 16  наурызы күні бөлімге ведомстволық бағынышты 38 білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен «Мемлекеттік оқу орындары басшыларының дискреттік құзыреттерін минимизациялау практикасы» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге арнайы Жезқазған аймағы бойынша АСЖҚІБ –ң аға офицері А.М.Курманалиев,  Жезқазған қаласының  білім қызметкерлеріні  кәсіподақ ұйымының  төрағасы Л.А.Кунедилова қатысты.     Дөңгелек үстелде  - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан  Республикасы Заңының 12 бабы талаптары  «сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер» туралы, Жезқазған аймағы бойынша АСЖҚІБ –ң аға офицері А.М.Курманалиев сөз қозғады. Еңбек қатынасын реттейтін еңбек заңы талаптарын және нормативтік-құқықтық актілерді қатаң сақтау және еңбек дауларын келісім комиссиялар арқылы шешу мәселелері бойынша Жезқазған қаласының  білім қызметкерлеріні  кәсіподақ ұйымының  төрағасы Л.А.Кунедилова тоқталды. «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 бұйрығында педагогтардың біліктілігіне  қойылатын талаптарды қызметкерлерді жұмысқа қабылдағанда және аттестаттаудан өткізгенде  қатаң сақтау мәселелері бойынша Жезқазған қаласының білім бөлімінің ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс жөніндегі бас маманы А.Т.Тайкошкарова ескертіп өтті.

    Дөңгелек үстел барысында мектеп, оның ішінде ауыл мектептерінің директорлары кадрлармен қамтамасыз етуде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан  Республикасы Заңының 12 бабының 1 тармағының 2 тармақшасы талаптарын, оның ішінде «жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу» туралы шектеулерді орындау ауыл мектептерін педагог кадрлармен қамтамасыз етуде қиындық туғызатындығын мәлімдеді. Себебі, ауылда мектептен басқа жұмыс болмайтынын және оның ішінде педагог мамандардың тапшылығы туралы сөз қозғалды.       Дөңгелек үстел жұмысында келесідей шешім қабылданып, орындауға бекітіліп берілді:

  1. Білім беру ұйымының қабырға тақтасына білім беру ұйымындағы барлық қызметкерлер тізімін ілу қамтамасыз еті (өзгерістерге байланысты өзектендіріп отыру қажет). Тізім директормен бекітілуі тиісті.
  2. Еңбек қатынасын реттейтін еңбек заңы талаптарын және нормативтік-құқықтық актілерді қатаң сақтау.
  3. Қызмет бабын теріс пайдалануға жол бермеу, білім беру ұйымдары қызметкерлерінен (мұғалімдер, әкімшілік қызметкерлер, техникалық қызметкерлер) қандай да бір ақшалай қаражат жинауға қатаң тыйым салу.
  4. Жемқорлық көріністерді тоқтату және болдырмау бойынша толықтай шаралар қабылдау.

    -  2017 жылдың  27 наурызында 14 бөбекжайдың директорлары мен әдіскерлеріне, 12 шағын орталықтың әдіскері мен аға тәрбиешілеріне «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына қатысты Мемлекеттік көрсетілетін стандарттар» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарда «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша мектепке дейінгі балалар ұйымына «электронды үкіметтің» аймақтық шлюзі арқылы жолдама беру кескіні түсіндіріліп және «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша мемлекеттік қызметті көрсету реттілігі, талап етілетін құжаттар бойынша ақпарат берілді;

     - 2017 жылдың 20 сәуірінде 38 білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарларына «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттарды  қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету Стандарты тақырыбында семинар өткізілді;

    - 2017 жылдың 11 мамырында  ведомстволық бағынышты білім беру ұйымдарының басшыларына   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген  «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» талаптары бойынша семинар өткізілді;

              Ведомстволық бағынышты білім беру ұйымдарында ішкі тәртіп ережелерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында білім бөлімі басшысының м.а.-ның  2017 жылдың 7 сәуірдегі №309 Ө бұйрығымен білім беру ұйымдарында ата-аналардан әртүрлі концерттік бағдарламалар мен ертеңгіліктерге, сыйлықтарға, бюджет есебінен қаржыландырылмайтын интеллектуалды ойындар мен конкурстарға, жөндеу жұмыстарына қаражат жинауға тыйым салынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруға азаматтарды тарту бағытында (ата-аналардан, оқушылардан, тәрбиеленушілерден және қызметкерлерден қаражат жинауды болдырмау мақсатында) үнемі жұмыс қалпында болатын «Сенім телефонының» жұмысы ұйымдастырылғандығы туралы бұйрықта атап көрсетілді.  Бөлім басшысының м.а.-ның бұйрығымен білім беру ұйымдарының барлық қызметкерлері және ата-аналары  қол қойып, таныстырылған.

              Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында, оның ішінде ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою мақсатында «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларың» 2 тарауының 4 тармағына сәйкес, Жезқазған қаласының білім бөлімі  басшысының м.а.-ның 2017 жылдың 26 сәуірдегі  №399Ө бұйрығымен әр мекеме басшысына өздері тарапынан  2017 жылдың 27 сәуірі мен 10 мамыры аралығында мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша ішкі талдаулар жүргізу жұмыстарын ұйымдастыруы мен  атқаруы туралы тапсырма берілді. Ішкі талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туралы ұсынымдары 2017 жылдың 1 маусымына дейін   орындалуы  тапсырылды. Және 2017 жылдың тамыз айынан бастап бекітілген жоспарға сәйкес Жезқазған қаласының білім бөлімі тарапынан білім беру ұйымдарының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша ішкі талдаулар жүргізілетіндігі, талдау нәтижесі бойынша  Қағидалардың  15 тармағына сәйкес, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қабылданған (қабылданып жатқан) шаралар туралы білім бөлімінің  интернет-ресурсында орналастырылатыны және  Қағидалардың  16 тармағына сәйкес,  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері  бөлімнің  мәжілісінде жария талқыланатындығы ескертілді.

             Стратегияны жүзеге асыру аясында өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және білім саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ерекше маңызға ие .

              Жезқазған қаласының білім бөлімінің білім беру  ұйымдарында 2016-2017 жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге арналған іс-шаралар жоспарлы  түрде  өтуде.

                Жезқазған қаласының жалпы білім беретін мектептерінің бірінші қабатында  «Құқықтық оқыту» ақпарттық стендтерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тақырыптар ашылып,  «Сенім телефондары»  (қалалық, облыстық,  республикалық)  көрсетілген.   2017 жылдың қаңтар айында қала мектептері арасында ««Жемқорлық құқық бұзушылықтардың картасы»» тақырыбында  жобаны қорғау  байқауы жарияланған,  жоба аясында мектеп оқушылары жергілікті баспасөз «Сарыарқа»,   «Жезказганский вестник», «Мысты өңір», «Подробности», «Наше время»  газеттері беттерінде 1 жыл бойы жарияланған сыбайлас жемқорлықпен байланысты мақалаларға сараптама жүргізіп, қорғады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»  тақырыбында  сынып сағаттары  өткізілді.  4 сынып оқушылары  арасында «Жемқор деген кім?» тақырыбында сурет байқауы,   «Сен жемқорлық туралы не білесің?» тақырыбына  9-11 сынып оқушылары эссе жазды.  «Жас Ұлан» ұйымдарының мүшелері мен жетекшілері жоспарға сәйкес «Мен жемқорлыққа қарсымын!» үгіт насихатын бригадасын ұйымдастырып,  жемқорлыққа қарсы күрес бүкіл қоғамның, әр азаматтың ісі екендігі туралы түсінікті үгіт-насихат парақшалары арқылы оқушылар арасында таратты.                                  Ағымдағы жылдың ақпан айында 1-4 сынып оқушылары арасында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған театралдық қойылымдар  ұйымдастырылды. 2017 жылдың наурыз  айында  5-8 сынып оқушылары   арасында «Мемлекеттік қызмет - елдің  мүддесіне адал еңбек» тақырыбына эссе  байқауы өткізілді. Үздік эсселер Қарағанды қаласына  облыстық  байқауға  жіберіліп, оқушылар  алғыс  хаттармен марапатталды. Мамыр айында 9-11 сынып  оқушылары ««Транспарентті және есеп беретін мемлекет» тақырыбында  бейнероликтер  дайындап,  жұмыстарын облыстың деңгейге байқауға  жіберді.

              Сонымен қатар, Жезқазған қаласының  мектептерінде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары  ұйымдастырылып, жоспар бойынша  іс-шараларын жүргізуде.  «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.  Негізгі  міндеттердің  бірі: ата-аналар жиналысын өткізу. Жиналыс барысында сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыруда отбасының рөлін көрсету.

             Жезқазған қаласының білім бөлімі азаматтарға 23 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Оның 10  түрі ведомстволық бағынышты білім беру ұйымдары тараптынан көрсетілуде. Жезқазған қаласының білім бөлімі басшысының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы  № 789ө бұйрығымен «Жезқазған қаласының білім бөліміне ведомстволық бағынышты мекемелерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының  өзге заңнамасының сақталуы бойынша 2017 жылға ішкі бақылау жүргізу жоспары» бекітілген. Жоспарға сәйкес білім беру ұйымдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізіледі. Көрсетілетін  мемлекеттік қызметтердің стандартқа сәйкес атқарылуына жіті бақылау жасалады, мемлекеттік қызметті көрсетуде мерзімнің бұзылуына, артық құжаттардың талап етілмеуі қадағаланады. Азаматтардың мемлекеттік қызметті алу жолдарымен танысу үшін, мекемедегі ақпараттық стенділерде мемлекеттік қызметту көрсетудің  стандарттары, регламенттері, инфографикасы ілінген. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын көтеру және мерзімін бұзудың алдын-алу мақсатында, Жезқазған  қаласының білім бөлімінің  «Сенім телефоны» нөмірі көрсетіліп, холлда жеке тұлғалардан хаттар мен өтінімдерді қабылдау үшін жәшік орнатылған.

 

Бөлім басшысының орынбасары                                                А.Кудабаева

 

 

Орынд.А.Тайкошкарова

733054