"Жезқазған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мектептен тыс шаралар «Гүлдене бер, туған өлкем» атты іс – шара ақпараты
Опубликовано: 01 августа 2010
«Гүлдене бер, туған өлкем» атты іс – шара ақпараты
 
9 шілде күні Балалар мен Жасөспірімдер Сарайындағы «Жас натуралистер мен экологтар» бөлімі жаз айларында оқу – тәжірибе алқабында жұмыс істеумен қатар, мектеп жанындағы сауықтыру алаңындағы демалушы балалармен де танымдық – зияткерлік ойындар жүргізкді. № 1 орта мектептегі «Балауса» сауықтыру алаңының оқушыларымен өткізілген «Гүлдене бер, туған өлкем» - атты танымдық ойын тартымды әрі қызықты өтті. Оқушылар «Гүлдер» мен «Көгершін» тобы болып екіге бөлінді. Ойының мақсаты – балаларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. Ойын бірнеше кезеңдерден тұрады: топты таныстыру, «Тіл – түсіну кілті» - мақал – мәтел жарысы, «Таныс фотосуреттер», «Бұл кім? Ол не?», «Қызықты хат», «Отты шеңбер». Ойынға қатысушы екі топ та үлкен дайындықпен келгендерін көрсете алды. «Жас натуралистер мен экологтар» бөлім педагогтары: Байдалинова Б.И., Темірова Б.Ш., Дүзбаеваның М.С. ұйымдастыруымен өткен бұл іс – шара барысында оқушылар туған өлкеге қатысты көптеген мағлұматалды. Қатысушыларға Балалар мен Жасөспірімдер сарайының ұйымдастырушы – ұстазы Данагүл Байзаққызы мақтау қағаздарын тапсырды. Бөлім меңгерушісі Әйешов Сағат Төлеуұлы «Балауса» сауықтыру алаңының тәрбиешілері Қадырбаева Г.Б., Кенжебекова Ж., Жандаулетова Қ., Сырлыбаева Қ., және алаң бастығы Бекетова Торғынға іс – шараға оқушыларды дайындап әкелгенге алғысын білдірді. Алдағы уақытта да мектеп пен Балалар мен Жасөспірімдер сарайының ұстаздарының байланысы жалғасын таба бермек.