"Жезқазған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Ақпарат Вакансии «Жезқазған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі келесі жалпы орта білім беретін мектептің директоры лауазымына орналасуға конкурс жариялайды «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №24 жалпы білім беретін орта мектебі»
Опубликовано: 10 декабря 2018

«Жезқазған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі келесі жалпы орта білім беретін мектептің  директоры лауазымына орналасуға конкурс жариялайды «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №24 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры әкімшілік азаматтық лауазымы бойынша бос орынға 4 жыл мерзімге орналасуға;

            Мекеменің орналасқан жері:Жезқазған қаласының білім бөлімінің №24 жалпы білім беретін орта мектебі – 100600, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Аманжолов көшесі 18 үй

            Мекеменің қызмет түрі: Білім беру саласындағы қызмет (жалпы орта білім беру).

            Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

      1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім;

      2) педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді;

      3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, әдістемелік қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда);

      4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      5) соттылығының жоқ екені туралы анықтама.

            Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы»«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы»"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

            Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.

      Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

      Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

      Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.

      Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

            Лауазымдық жалақы мөлшері: 82468 теңгеден 99988 теңгеге дейін (еңбек өтіліне байланысты).

       Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күннің ішінде Жезқазған қаласы, Алаш даңғылы, №1 үй, № 210 каб. тапсырылуы тиіс. Байланыс телефондары: 733054, 733048. d.altaibaeva@karaganda-region.gov.kz

            Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:

      1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

      2) мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу;

      3) облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім беруді басқару органдарымен кандидаттарды келісу;

      4) Жезқазған қаласының білім бөлімі Конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.

  Конкурстың бірінші кезеңінде  «Жезқазған қаласының білім бөлімі» ММ-ң  Комиссиясы үш жұмыс күні ішінде құжаттар біліктілігін бағалауды жүргізеді.

                 Конкурстың екінші кезеңінде конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау қорытындысы бойынша білім бөлімінің Комиссиясы екі жұмыс күні ішінде Қамқоршылық кеңеске бос лауазымға орналасуға кандидаттардың тізімін жолдайды.

       Қамқоршылық кеңес құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кандидаттарды Қамқоршылық кеңес отырысының өткізілу күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді.

       Қамқоршылық кеңес кандидатты хабардар еткен күннен кейін үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды зерделейді және бос лауазымға орналасуға кандидаттың қатысуымен отырыс өткізеді.

        Қамқоршылық кеңестің отырысына кандидат Мектепті дамытудың перспективалық жоспарын ұсынады.

       Қамқоршылық кеңес отырыс қорытындысы бойынша білім беру ұйымдары басшыларының лауазымына кандидатура бойынша хаттамалық шешім шығарады. Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы білім беруді басқару органына отырыс өткен күннен кейін келесі күні ұсынылады.

          Қамқоршылық кеңес кандидаттарды айқындаған жағдайда, Жезқазған қаласының білім бөлімі  Комиссиясы айқындалған кандидаттарды  Қарағанды  облысы  білім басқармасына келісуге жолдайды.

            Үшінші кезеңде кандидаттардың кәсіби құзыреттілігін бағалау үшін комиссия құрылады. Оның құрамын Қарағанды облысы білім басқармасы бұйрығымен  бекітеді.

Кандидаттар 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексін, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" 2010 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын, "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын және сондай-ақ педагогика, психология негіздерін білуге арналған тестілеуден және әңгімелесуден өтеді.     

Тестілеуден өту кезінде кандидатқа жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілерді білуге арналған 120 сұрақ ұсынылады. Тестілеуден өту үшін шекті деңгей әр бағыт бойынша 50%-ды құрайды.        

     Тестілеу электрондық форматта өткізіледі.

     Тестілеуді Қарағанды облысының білім басқармасы өткізеді.

      Қарағанды облысының білім басқармасы тестілеу өткізетін орынды және ұйымды, тестілеу өту мерзімін, уақытын анықтайды және кандидаттарды хабардар етеді.

     Тестілеу өткізілетін орын бейне-аудио бақылау камераларымен жабдықталады.

  Тестілеу өткізу үшін автоматтандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету ақпараттық қауіпсіздік жүйе аттестаттаудан өткен болуы қажет.

    Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымына орналасуға кандидаттар тестілеуден конкурстың хабарландыруынан тәуелсіз кез келген уақытта алдын ала өте алады. Бұл ретте тестілеу нәтижесі күнтізбелік бір жыл ішінде және тест тапсырған өңірдің аумағында жарамды болып табылады.

          Тестілеуді тапсыруға берілген уақыт аяқталғанда, бағдарламалық қамтамасыз ету автоматты түрде жабылады.

       Тестілеудің дұрыс жауаптар кодтары қалыптастырылады.

       Тестілеуден өту кезінде кандидатқа 120 сұрақ ұсынылады: нормативтік құқықтық актілерді білуге арналған - 100 сұрақ; педагогика және психология негіздері бойынша - 20 сұрақ.

       Қарағанды облысының білім басқармасы конкурс хабарламасы аясында тестілеуге қатысқан немесе конкурс хабарламасынан тыс алдын ала тестілеуге қатысатын мемлекеттік орта білім беру мекемелері басшыларының лауазымына кандидаттар тізімін қалыптастырады.

           Кандидаттар тестілеу пунктіне тізім бойынша жеке басын куәландыратын құжат негізінде бір-бірден кіргізіледі.

        Жауапты тұлға тестілеу басталмас бұрын кандидаттарға кандидаттардың тестілеу барысындағы тәртібі қағидаларымен таныстырады.

         Тестілеу өткізу барысында кандидатқа аудиториядан жауапты тұлғаның алып жүруінсіз шығуға, сөйлесуге, бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға, шпаргалкаларды, оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді, калькуляторды, фотоаппаратты, ұялы байланыс құралдарын аудиторияға алып кіруге және қолдануға рұқсат етілмейді.

       Тестілеу аяқталғаннан кейін бағдарламалық қамтамасыз етуде кандидаттардың тест нәтижелері – мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымына тағайындау конкурсына/конкурстан тыс тестілеуден өткендігі туралы анықтама беріледі.

Тестілеуден өткендігі туралы анықтама Қарағанды облысы білім басқармасының мөрімен расталады және өңір аумағында бір жыл ішінде жарамды болып есептеледі.

       Шекті деңгейді жинаған кандидаттар комиссияның шешімімен Қарағанды  облыстық білім беруді басқару органы жанындағы комиссия отырысына әңгімелесуге жіберіледі.

       Шекті деңгейді жинамаған кандидаттар комиссияның шешімімен Қарағанды  облыстық білім беруді басқару органы жанындағы комиссия отырысына әңгімелесуге жіберілмейді. Бұл ретте шекті деңгейді жинамаған кандидаттар тест тапсырған күннен бастап 1 ай мерзім өткеннен кейін қайта тестілеуден өтеді.

 

              Төртінші кезеңде Жезқазған қаласының білім бөлімі Комиссиясы бала және жасөспірімдер жасының психологиясы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, ұжымдағы басқару және іскер өзара іс-қимыл психологиясы, кадрлық менеджмент және қызмет этикасы мәселелері бойынша теориялық білім деңгейін айқындау, сондай-ақ кандидаттың педагогикалық жетістіктерін, кәсіби және жеке қасиеттерін, ұйымдастырушылық қабілеттерін, болжанатын лауазым қызметінің перспективасын айқындауға қатысты ақпаратты нақтылау мақсатында конкурстың 1, 2, 3 - кезеңдерінің нәтижелерін ескере отырып, әңгімелесу өткізеді.              

Конкурс жариялаған білім беруді басқару органының басшысы үш жұмыс күні ішінде оң нәтиже алған конкурс қатысушысымен төрт жыл мерзімге шарт жасасады және жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады.

             Конкурсқа қатысу жөніндегі шығындарды (конкурс өткізілетін орынға дейінгі жүретін жол, соның ішінде облыстық білім басқармасынан келсім алу және кейін қайту, тұратын орын және тағы басқа) азаматтар өз қаражаты есебінен жүргізеді.

                Жезқазған қаласының білім бөлімі  хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

      2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

      6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

      7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

      8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

      10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);

      11) мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

      Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.

                Көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың Конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

          Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

 

   Құжаттарды қабылдау  2018 жылдың 07 желтоқсаны  мен  19 желтоқсан аралығы

 

Осы хабарлардыру  2018 жылдың 07 желтоқсандағы  «Вечерний Сатпаев» газетінің 41 нөмірінде жарияланды.