ГУ «Отдел образования города Жезказгана»
Официальный сайт государственного учреждения
Главная Внешкольные мероприятия
Опубликовано: 12 апреля 2010
 «Жігітке жеті өнер де аз»  атты сайыстың мағлұматы
 
      Ақпанның 18-і күні сағат 15-00 – де Балалар мен жасөспірімдер сарайында қала мектептерінің 8-9 сыныптар арасында «Жігітке жеті өнер де аз» атты сайыс өткізілді. Бұл сайыс Қазақстан Қарулы Күштерінің 18 жылдық мерекесі қарсаңына орай, ер балаларды ұлттық тұрғыда халқымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін қадірлеумен қатар, ұлтжанды, отансүйгіш, патриоттық сезімдерге баулу, тәрбиелеумақсатында ұйымдастырылды.
      Бұл сайысқа мектепішілік 1-ші бөлімнен өткен сайыскерлер яғни, № 1 – Тұрғынбаев Сұлтан, №2 – Тайжан Алпамыс, №5 –Нұрмағамбетов Сержан, мектеп-интернаттан – Мамонтаев Рүстем, № 9 – Елшібаев Ерден, №10 – Серікбеков Мейірұлан, №11 – Қаныбетов Ахмедияр, №21-Байпақов Арман, №7 лицейден – Жанжігітов Ерболат, №8 – Тұңғышбеков Айдос қатысып, өзара сайысқа түсті.
      Сайыстың 1-ші бөлімі бойынша сайыскерлеріміз өздерін Толағай,Ертөстік, Ертарғын, Қобыланды, Қамбар, Күлтегін, Жәнібек, Кенесары, Махамбет, Сырым батырлардың образына ене отырып, таныстырды. Осы бөлімде Махамбеттің образын сомдаған Елшібаев Ерден, Қамбар батырдың образында ойнаған – Нұрмағамбетов Сержан, Сырым Датұлының образына енген –Тұңғышбеков Айдостар алдарына жан салмады. Ал, «Аталар мұрасы-халық қазынасы», «Кім білгір, кім алғыр?» бөлімдерінде ер баланы тәрбиелеу дәстүрі, қой сою дәстүрі, ет мүшелеу атаулары жайлы сонымен қоса, құқықтану, алғашқы әскери дайындық пәндеріне байланысты сұрақтарға жауап беруде №7 лицейдің оқушысы Жанжігітов Ерболат ерекшеленді. «Асылдың сөзі – ақылдың кені» бөлімінде «Бата» беру өнерінен №1, №2, №9 мектептің оқушылары ерекшеленді. Сайыскерлер үшін ең қызықты бөлім «Малдас жүйесі» жайында берілген 10 жаттығуларды орындау болды. Одан кейін өткен «Ән –көңілдің ажары» бөлімінде ұлттық аспапта халық әнін орындауда, өнерлерін көрсетуде Тұңғышбеков Айдостың салған «Дайдидау» және Серікбеков Мейірұланның билеген «Қаражорға» биі, Байпақов Арман тартқан «Әлқиса» күйі көрермендердің көңілінен шықты.
         Сайыс нәтижесі бойынша :
Бас жүлде – Тұңғышбеков Айдос -№8 гимназия жеңіп алды.
1 орын – Нұрмағамбетов Сержан - №5 мектеп;
2 орын - Елшібаев Ерден              -№9 мектеп;
3 орындарды Серікбеков Мейірұлан -№10 мектеп және Байпақов Арман -№21 мектеп бөлісті.
«Білімді» жігіт номинациясын – Жанжігітов Ерболат -№7 лицейден ,
«Шымыр» жігіт номинациясын – Қаныбетов Ахмедияр -№11 метептен иемденді.
         Сайыскерлеріміз қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.