ГУ «Отдел образования города Жезказгана»
Официальный сайт государственного учреждения
Главная Гос. закупки Приказ №284-Н от 26.12.2018г. Конкурсты 1 жылға ұзарту, конкурс комиссиясын құру конкурстың құжатын бекіту туралы
Опубликовано: 25 января 2019

Приказ №284-Н от 26.12.2018г

 

«Конкурсты 1 жылға ұзарту, конкурс комиссиясын құру конкурстың құжатын бекіту туралы»

 

 

        Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің  2018 жылғы 31 қазанындағы «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары» № 598 бұйрығына сәйкес,  «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №9 тірек (ресурстық орталық) мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  (бұдан әрі КММ) интернат тәрбиеленушілерін тамақпен қамтамасыз ету мақсатында өткізілген 2018 жылдың 26-шы ақпан айындағы конкурсты 1 жылға ұзартуды БҰЙЫРАМЫН:

  1.   «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына» сәйкес «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №9 тірек (ресурстық орталық) мектеп-интернаты» КММ интернат тәрбиеленушілерінің тамақпен қамтамасыз ету мақсатында өткізілген 2018 жылдың 26-шы ақпан айындағы конкурсы 1 жылға ұзартылсын.
  2. Конкурс бойынша комиссия келесі құрамда құрылсын:

1) Ж.Е.Альмаганбетов - «Жезқазған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, комиссия төрайымы;

Комиссия мүшелері:

2) А.А.Құдабаева - «Жезқазған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшының орынбасары;

3)  В.И.Лесова - «Жезқазған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің методисті;

4) Ш.К.Елибаева - «Жезқазған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас бухгалтері;

5)   А.Т.Мукшева –Жезқазған қаласының №133 мектептің  директоры;

6) Н.Қ.Алиакпарова– «Жезқазған қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы мемлекеттік мекемесінің маманы;

7) М.Ж..Туребеков- «№9 тірек (ресурстық орталық) мектеп интернаты» КММ директоры.

  1. «Жезқазған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің есепшісі, Д.К.Койбагарова комиссияның хатшысы болып тағайындалсын.
  2. «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №9 тірек (ресурстық орталық) мектеп-интернаты» КММ интернат тәрбиеленушілерінің тамақпен қамтамасыз ету мақсатында өткізілген 2018 жылдың 26-шы ақпан айындағы конкурсы 1 жылға ұзарту бойынша конкурстық құжат бекітілсін.

     5.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басшының орынбасары А.А.Кудабаеваға жүктелсін.        

               

     

         Басшы                                                               Ж.Е.Альмаганбетов

 

 

В данном разделе так же содержатся материалы