ГУ «Отдел образования города Жезказгана»
Официальный сайт государственного учреждения
Главная Новости «Мектепке жол» акциясы - 2018

«Мектепке жол» акциясы - 2018

6 августа 2018

Дәстүрге сәйкес биыл 2018 жылғы 1 тамызынан 30 қыркүйекке дейінгі аралықта «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы өткізіледі.

Акция мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету.

Былтырғы жылы барлығы 1500 балаға 1 млн. 812 мың теңгеге көмек көрсетілген болатын.

Жезқазған қаласының барлық білім ұйымдары акция барысында жоспарға сәйкес өздерінің іс-шараларын жоспарлап, жеке кәсіпкерлерге, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға демеушілік көмек сұрап, акцияның басталғандығы туралы жарнамалар жүргізуін бастады.  

Акцияға бизнестік – құрылымдарды, үкіметтік емес ұйымдарды және мемлекеттік органдарды ат салысуға шақырамыз.

       Осындай көмекке мұқтаж азаматтарға көрсеткен қайырымдылықтарыңыз өздеріңізге өндірістік және коммерциялық қызметтеріңізде зор жетістіктермен қайтуына тілектеспіз.