ГУ «Отдел образования города Жезказгана»
Официальный сайт государственного учреждения
Главная Новости Жезқазған қаласының жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы  2018-19 оқу жылында өткізілген пәнаралық олимпиада өз мәресіне жетті

Жезқазған қаласының жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы  2018-19 оқу жылында өткізілген пәнаралық олимпиада өз мәресіне жетті

11 января 2019

Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын дамыту, пәндік білімін тереңдету, дарынды балалардың зияткерлік және шығармашылық потенциалын анықтау және арттыру мақсатында, Қарағанды облысы білім басқармасының 2018 жылғы 26 қарашадағы №537 бұйрығына сәйкес 2018 жылдың 6-7 желтоқсанында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші кезеңі (қалалық) өткізілді.

Қалалық олимпиадаға барлығы 17 мектептен 409 оқушы,  оның 222 оқушы жаратылыстану-математикалық бағытқа, 187 оқушы қоғамдық гуманитарлық бағытқа қатысты.

 Олимпиаданың қорытындысы бойынша 8-11 сынып аралығында 177 жеңімпаз, оның 85-і жаратылыстану-математикалық бағыт, 92-сі қоғамдық гуманитарлық бағытқа қатысқан оқушылар. 1-орын алған оқушылар саны-27, 2-орын алған оқушылар саны-54 оқушы, 3-орын алған оқушылар саны-96 оқушы.

Олимпиаданың облыстық кезеңіне қаламыздың оқушылары қатысып, 5 оқушы жүлделі орындарға ие болды. 1 оқушы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен           1 орын, 4 оқушы химия, биология, математика, қазақ тілі мен әдебиетінен       3 орындар иеленді.

1 орын иеленген Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Серікпаева Адина енді республикалық олимпиадаға қатысуға жолдама алды.

Білім  саласындағы қаламыздың мәртебесін биікке көтерген оқушыларымызды мақтан етіп, мұғалімдердің еңбегі жоғарғы бағаға иелене берсін.